Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және  фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы А.Мулдашев облыс аудандарындағы мемлекеттік жер қорында карантиндік арамшөп – жатаған укекіреге қарсы жүргізілген химиялық улау шараларының биологиялық тиімділігін анықтау бойынша зерттеу жұмыстарын қадағалау мақсатында Жәнібек және Казталов ауданында іс-сапармен болып, аталған өңірлердің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларына әдістемелік көмек көрсетті.

Карантинге жатқызылған өнім мен мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерін қарап-тексеру, жете тексеру, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне баруға және оларда Қазақстан Республикасының

ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының қызметкері бас маман - өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор Джуламанова Ақбаян Эбдушевна маған кәсіби білімі жоғары, білікті де қабілетті қызметкер ретінде бірден көзіме түсті.

Үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының жүзеге асырылуын қадағалау мақсатында 2018 жылғы 10 шілде күні облыс әкімінің бірінші орынбасары И.Стексов және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов өңіріміздің Қаратөбе ауданында ресми іс-сапармен болып, ағымдағы жылы өсімдіктерді қорғау саласы бойынша зиянды шегірткелерге қарсы жүргізілген іс-шаралар және 2019 жылы зерттеу мен болжаудың іс-шараларын үйлестіру жөніндегі жедел штаб отырысын өткізілді. Аталмыш штаб отырысына ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» БҚО филиалының басшысы А.Алдабергенов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, облыстық, аудандық штаб мүшелері -облыстық аумақтық инспекцияның өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы бөлімінің басшысы Е.Курмашев, жергілікті аудан, ҚР АШМ АӨК МИК аудандық аумақтық инспекция, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары қатысты.

Мемлекеттік қызмет алу барысында жеке және заңды тұлға өкілдері тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау шаралары, мемлекеттік қызметтің тегін көрсетілетіндігі, сондай-ақ инспекция жауапты мамандарының атқаратын қызметі туралы 2018 жылғы 11 шілде күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөнінде өткен дөңгелек үстел отырысында ҚР АШМ АӨК МИК Сырым аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы-өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор Т.Габбасов баяндады. Инспекция қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін жетік меңгеру қажеттігі де жиынға қатысушыларға жан-жақты түсіндірілді.

Бұл туралы апта дүйсенбісінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов өсімдіктер карантині саласы бойынша мемлекетттік қызмету барысында сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу мәселелері жөнінде бөлім, Орал қалалық аумақтық инспекция басшылары және жауапты мамандармен өткен кеңес отырысында қатаң тапсырма жүктеді. Аталған басқосуда облыстық аумақтық инспекцияның өсімдіктер карантині және фитосанитарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Ж.Ешмуханов "Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығына енгізілген өзгерістер және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы кеңінен баяндады.

Елбасына күн туған Ұлы Отан соғысы жылдарында ата-бабаларымыз елімізді жаудан қорғаса, ақ жаулықты аналар мен балалар тылда аянбай еңбек етіп, Жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Өткен ғасырдың қиын-қыстау кезеңдерін бастан кешірген сұрапыл жылдарда алғашқы болып тың игеруге қатысып, кейіннен ауыл шаруашылығы саласының дамуы жолында ұзақ жылдар қызмет еткен еңбек ардагері А. И. Плетневке ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л. Хайретдинов ағымдағы жылдың 5 шілде күні Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында "Ауыл шаруашылығының ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің "Құрметті ардагер" медалін салтанатты түрде табыстап, төл мерекемен шынжүректен құттықтады.