Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы А.Мулдашев облыс аудандарындағы мемлекеттік жер қорында карантиндік арамшөп – жатаған укекіреге қарсы жүргізілген химиялық улау шараларының биологиялық тиімділігін анықтау бойынша зерттеу жұмыстарын қадағалау мақсатында Жәнібек және Казталов ауданында іс-сапармен болып, аталған өңірлердің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларына әдістемелік көмек көрсетті.
Биыл Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік жер қорындағы карантиндік объекті – жатаған укекіреге қарсы химиялық өндеу жұмыстары 1803,78 га аумақта жоспарланып, бүгінгі таңда жоспар 100 пайызға орындалды. Аталмыш химиялық өңдеу шаралары ҚР АШМ АӨК МИК «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалымен жүргізілді.










