Мемлекеттік қызмет алу барысында жеке және заңды тұлға өкілдері тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау шаралары, мемлекеттік қызметтің тегін көрсетілетіндігі, сондай-ақ инспекция жауапты мамандарының атқаратын қызметі туралы 2018 жылғы 11 шілде күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөнінде өткен дөңгелек үстел отырысында ҚР АШМ АӨК МИК Сырым аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы-өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор Т.Габбасов баяндады. Инспекция қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін жетік меңгеру қажеттігі де жиынға қатысушыларға жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, аталған инспекцияның бас маманы-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор А.Кенесова өсімдіктер карантині саласы бойынша жеке және заңды тұлға өкілдері үшін «Карантинге жатқызылған өнімді ҚР-ның аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» және «Карантинге жатқызылған ҚР-ның аумағынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитарлық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің, карантиндік бақылау және қадағалау шараларының тегін іске асырылатындығын атап өтті.