Елбасына күн туған Ұлы Отан соғысы жылдарында ата-бабаларымыз елімізді жаудан қорғаса, ақ жаулықты аналар мен балалар тылда аянбай еңбек етіп, Жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Өткен ғасырдың қиын-қыстау кезеңдерін бастан кешірген сұрапыл жылдарда алғашқы болып тың игеруге қатысып, кейіннен ауыл шаруашылығы саласының дамуы жолында ұзақ жылдар қызмет еткен еңбек ардагері А. И. Плетневке ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л. Хайретдинов ағымдағы жылдың 5 шілде күні Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында "Ауыл шаруашылығының ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің "Құрметті ардагер" медалін салтанатты түрде табыстап, төл мерекемен шынжүректен құттықтады.

Бауыржан Бақтыгерей- ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі басшысының м.а.