ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының қызметкері бас маман - өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор Джуламанова Ақбаян Эбдушевна маған кәсіби білімі жоғары, білікті де қабілетті қызметкер ретінде бірден көзіме түсті.
Ол өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды орындау және фитосанитариялық, карантиндік сертификаттарды рәсімдеу, карантиндік ахуалды және іс-шараларды жүргізуді бақылау қызметтерін көрсетеді. Өз міндетіне адал және жауапкершілігі зор. Қызмет барысында аталған мекемеге мемлекеттік қызмет алу үшін, әсіресе фитосанитариялық сертификат алуға барған кезімде Ақбаян әрдайым күліп қарсы алып, өте жақсы кеңес береді. Сол себепті сертификатымды тез аламын. Әр мемлекеттік қызметкерлер өзіне жүктелген міндеттерді адал орындаса, біздің мемлекетіміз одан әрі дамып, Елбасының бағдарламалары нәтижелі жүзеге асар еді.
«Аққайнар» АҚ ұжымы атынан аталмыш қызметкерге және инспекция ұжымына ризашылығымды білдіремін.
Даурен Мырзашев,
«Ақ қайнар» АҚ өкілі










