Жаңалықтар

Карантинді объект - бекітілген карантиндік түрлер тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп. Қазақстан Республикасының аумағын карантиндi объектiлердiң басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерiнің бірі болып табылады.

ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының басшысы З.Машаев, аталған инспекцияның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары мен ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі облыстық филиалының мамандары бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 31 шілдесінде қала аумағына қарасты шаруа қожалықтарының жер телімдерінде карантиндік арамшөп – жатаған укекіреге қарсы далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Ағымдағы жылғы 31 шілдеде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің  Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы және ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің Жаңақала аудандық филиалы мен көршілес Индер және Исатай аудандық аумақтық инспекциясы, " ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің Индер және  Исатай  аудандық филиалдарының мамандары екіжақты кездесу өткізіп, келісімге сәйкес аталған аумақтарда итальян шегірткесінің ұшуын, шағылысуын, күбіршіктерін жерге салуын анықтау мақстында зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Су - қашанда тіршілік нәрі болып саналған. Табиғат әлемінде судың экожүйесін сақтау маңызды рөл атқаратыны белгілі. Апта сенбісінде ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының ұжым қызметкерлері "Таза жағалау" облыстық экологиялық акциясы аясында Коминтерн аумағын тұрмыстық қалдықтардан және қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

ҚР-ның «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңына сәйкес тиісті аумақта мемлекеттік фитосанитарлық бақылау және қадағалау жүзеге асырылуы қажет. Осыған орай,  биыл Шыңғырлау ауданы бойынша итальян шегірткесінің қанаттанып ұшуы және жұмыртқа салу кезеңіне қарсы 120,0 мын.га жер аумағы зерттеледі деп жоспарланған болатын. Күні бүгінге дейін зиянкестерге қарсы 55,0 га жер телімі зертеліп отыр. Аудан аумағында шегірткенің үшуы және шағылысуы анықталды. Сонымен қатар, ауданның Алмаз, Ақшат, Қарағаш және Ақтау ауылдық  округтеріне көршілес өңірлерден  итальян шегіркесінің ұшып келуі жағдайлары байқалды.

2018 жылғы 25 шілдеде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалы және ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының мамандары бірлесе отырып химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген «Табиғат» шаруа қожалығы, «Маскус», «КТА» және «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-нде болып, қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші субъектілердің аумағындағы жер телімдерінде ауыл шаруашылығы саласының басты  зиянкесі саналатын – шегіртке және карантиндік арамшөп – жатаған укекіреге қарсы далалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.