Карантинді объект - бекітілген карантиндік түрлер тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп. Қазақстан Республикасының аумағын карантиндi объектiлердiң басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерiнің бірі болып табылады.
Карантинге жататын өнiмдi және көлiк құралдарын тексеру мен залалсыздандыру, зертханалық сараптама, карантин құжаттарын беру Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасына сәйкес және онда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Карантинге жатқызылған өнім мен мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерін қарап-тексеру, жете тексеру, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне баруға және оларда Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан зерттеп-қарауды жүргізуге, зертханалық сараптама жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеп алуға өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар міндетті.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, экспорттаушы елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатының бар-жоғын анықтайды, көлiкті, карантинге жатқызылған өнiмді сыртқы қарап тексеруді жүргiзедi, өсiмдiктер зиянкестерiн, ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер уәкілетті ұйымға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi.
Осыған орай, ағымдағы жылғы 6 тамызда ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық және Орал қалалық аумақтық инспекциясының жауапты мамандары « барып, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы Заңнама талаптары туралы түсінік жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік карантинге жатқызылған өнімнен үлгілерді іріктеу және зерттеу жұмыстарын жүргізуде әдістемелік көмек көрсету мақсатында агрооқыту шарасын өткізді.
Аталған шараның мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларлардың кәсіби біліктілігі мен білім деңгейін және қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өткізу және тасымалдаумен тығыз байланысты жеке және заңды тұлғалардың құқықтық сауаттылығын арттыруда маңызы зор.













