Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы»  1999 жылғы 11 ақпандағы заңы талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында және  Республика аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаға сәйкес карантинге жатқызылған өнімнің межелі пункттерінде екінші карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізіледі. Карантинге жатқызылған өнім мен мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау  және қадағалау  объектілеріне  баруға,  оларды  ҚР заңнамасы  талаптарының  сақталуы тұрғысынан зерттеп – қарауды  жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнім  үлгілерін   іріктеп алұға өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың міндеті болып табылады. Шыңғырлау ауданы аумағына Ресей Федерациясының Орынбор облысынан жыл басынан бері күні бүгінге дейін 9465,34  тонна  бидай, арпа және күнбағыс  өнімдері тасымалданып, екінші қайтара тексеруден өткізілді.

Жалпы өсімдіктер карантині аясында 53 өтініш тіркелген болса, соның ішінде 26-ы «Карантинге жатқызылған ҚР-ның аумағынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитарлық сертификат беру» және  27-і «Карантинге жатқызылған өнімді ҚР-ның аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша. Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде 171 дана фитосанитарлық және 103 дана карантиндік сертификат рәсімделді.

Аудан аумағынан аталған ауыл шаруашылығы өнімдері Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан және Туркменстан елдеріне экспортқа шығарылған болатын.

 

Талғат Қойшекенов

ҚР АШМ АӨК МИК Шыңғырлау  аудандық аумақтық

инспекциясының бас маманы-өсімдіктер карантині

жөніндегі мемлекеттік инспекторы