Жаңалықтар
Апта бейсенбісінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов Ақжайық ауданда іссапармен болып, 2018-2019 жылдарда мал қыстату кезеңін өткізу бойынша облыстық штаб отырысына қатысты,- деп хабарлайды аталған инспекцияның баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу, Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау, карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу мақсатында биыл Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралас облысымыздың Бөкейорда, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов және Тасқала аудандарының аумақтарында фитосанитариялық бақылау бекеттерін құру жоспарлануда.Қазіргі таңда аталған бекеттерді жабдықтауды қамтамасыз ету үшін қажетті құрал-жабдықтарды мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті жұмыстар әлі жалғасуда.
2019 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов Бөкейордасы ауданында ресми іссапармен болып, аталған өңірде аудан әкімі Н.Рақымжановтың төрағалығымен және тиісті сала басшыларымен өткен 2018-2019 жылдарда мал қыстату кезеңін өткізу бойынша облыстық штаб отырысына қатысты деп хабарлайды,- ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекциясының баспасөз қызметі.
Бұл туралы 2018 жылғы 28 желтоқсанда ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдиновтің төрағалығымен және облыстық инспекция бөлімдері, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ облыстық филиалы, ҚР АШМ АӨК МИК «Фитосанитария» ШЖҚРМК облыстық филиалы, «Карантиндік зертхана» ҚР АШМ АӨК МИК РМК БҚО бойынша филиалы, Орал қалалық, аудандық аумақтық инспекция басшылары және сала қызметкерлерінің қатысуымен өткен жиында кеңінен қаралды. Кеңесте ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Е.Құрмашев, өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы А.Мулдашев, мемлекеттік астық инспекциясы бөлімінің басшысы Е.Қоблан және кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасы ету бөлімінің басшысы - Әдеп жөніндегі уәкіл Т.Темиралиев сала бойынша атқарылған жұмыстар туралы жан-жақты баяндап өтті.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және Елбасының арнайы Жарлығына сәйкес, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, халықтың алдында жауапкершілігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметкерлер ант қабылдайды.
Өткен жылдың соңында Сырым ауданы әкімдігінің қолдауымен және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Жыл үздігі-2018" жастар премиясы бауқауында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы Темірлан Серікұлы Ғаббасов өзінің азаматтық ұстанымымен ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, алған білімі мен жастық жалынды күш-жігерін жұмсай отырып, мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін "Үздік жас мемлекеттік қызметкер" аталымы бойынша дипломант атанды.











