Жаңалықтар
2019 жылғы жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өңірлік филиалында ҚР АШМ АӨК МИК Сырым аудандық аумақтық инспекциясының басшысы қызметкерлерімен 2019 жылғы 24 сәуір күні «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өңірлік және ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарилық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Сырым аудандық филиалдарының мамандарымен бірлесіп, «Карантидік нысандарды анықтау және олармен күрес жүргізу әдістері» туралы ауыл шаруашылық тауарөндірушілеріне агро оқу өткізілді.
2017 жылдың 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеевтің астық нарығын тұрақтандыру бойынша өткізілген кеңестің №01-8/1 хаттамасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.О.Азбаевтың Ресей аумағынан заңсыз астық кіргізілуіне жол бермеу мақсатындағы кеңестің хаттамасына орай, ұйымдастырылған мобильдік топтардың жұмыстары бойынша «Тасқала» мобильдік тобы 2019 жылдың 23 сәуірінде Тасқала автобекетінде Ресей Федерациясынан карантиндік өнімдерді заңсыз кіргізбеу жөнінде рейдтік шаралар ұйымдастырды.
Көктемнің келуімен аудан аумағын көгалдандыру мақсатында әкелінген көшет қатары да арта түсті.
Ауыл шаруашылық, орман дақылдарының және сәндiк дақылдардың себу мен отырғызылатын материалдары, өсiмдiктер мен олардың бөлiктерiн өңдіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдау мен өткізуге байланысты жеке және заңды тұлғалар:
Көктем мезгілі келгелі жылдағы үрдіс бойынша сенбілік шаралары ұдайы жүргізілуде. Осындай шаралар нәтижесінде аудан орталығының көшелері мен маңайы, Өлеңті өзенінің жағасы, полигон айналасы тазаланып, 15 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтері мен аса қауіпті зиянды организмдер және карантиндік нысандарды анықтау, олармен күрес әдістемелері жөнінде түсінік жұмыстары ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының қызметкерлері тарапынан Ақжайық ауданы, Чапаев ауылдық округінде орналасқан «Ким» шаруа қожалығының көшетханасында жүргізілді.
Өсімдіктер карантині саласы аясында 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтсақ, олар: «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру», «Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» және «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері. Карантиндiк және фитосанитариялық сертификат беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары «Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына» сәйкес көрсетеді.

















