Көктем мезгілі келгелі жылдағы үрдіс бойынша сенбілік шаралары ұдайы жүргізілуде. Осындай шаралар нәтижесінде аудан орталығының көшелері мен маңайы, Өлеңті өзенінің жағасы, полигон айналасы тазаланып, 15 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясы ұжымы әр сенбілікке жұдырықтай жұмылып ат салысуда, алдағы уақытта да тазалық жұмыстарына жұмыла қатысуға белсенділіктері жоғары.