Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 1 сәуір және 2  сәуір күндері БҚО аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары З.Машаев, Орал қалалық аумақтық инспекциясының басшысы Е.Бисенмен бірге  Шыңғырлау ААИ-на және Бөрлі ААИ-на жұмыс сапарымен барды. Іс-сапар барысында 2021 жылдағы 1-ші тоқсандағы берілген мемлекеттік қызмет көрсетуді қадағалау және межелі орнында жүргізілген жұмыстарымен тәжіребелік алмасу ретінде , ішкі тексеріс өткізіп, сонымен қатар ішкі сауда нысандары мен "Ақсай" ФББ-де бақылау қадағалау жұмыстарын жүргізді.

2021 жылдың 19 наурыз күні "Антикор орталығы" мен ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысының орыбасарының қатысумен тікелей эфир өткен болатын.

Тікелей эфирдың мақсаты - негізге сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны ала отырып, жалпы азаматтық қоғамның, мемлекеттік қызметшілердің,халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын арттыру және де оған қарсы сана сезім мен мәдениетті қалыптастыру.Аталмыш шарада маңызды сұрақтарға жауаптар алынып, қазіргі кездегі өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

рисунок рисунок рисунок

Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Осыған орай БҚО АИ және аудандық аумақтық инспекциялар арасында құттықтау челленджы ұйымдастырылды.

Барша әріптестерімізді мерекемен құттықтап, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейміз!

рисунок рисунок рисунок рисунок рисунок рисунок рисунок

19 наурыз күні ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесінде ардагерлермен кездесу өтті. Наурыз мерекесі баршаңызға бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Пандемия кезінде де ауыл шаруашылығы саласында да қауіпсіздікті күшейту қажеттілігі туындап отыр. Шет мемлекеттерден тасымалданатын өнімдер арқылы елге түрлі паразиттік індеттер енуде. Салдарынан диқандардың еңбегі еш кетуі мүмкін. Мемлекеттік шекаралардағы фитосанитариялық бекеттердің бұл бағыттағы жұмысы қай деңгейде? Бұл мәселені арнамыздың түсірілім тобы анықтап қайтты.