Жиналысқа облыстық және аудандық аумақтық инспекцияның қызметшілері қатысты. Инспекция басшысы Л.Хайретдинов ұжымды еліміздің маңызды мерекесі Конституция күнімен құттықтап, Конституция күнінің – қазақстандықтар үшін ең айтулы күндердің бірі екендігін, Конституцияда ел азаматтарының барлық құқықтары мен мүмкіндіктері қамтамасыз етілгендігін, адам құқығымен қатар оның міндеттері де бірге жүретіндігін, сол себепті Конституцияда бекітілген ел игілігін көздейтін құндылықтарды сақтау, заңға бағыну – лауазымына қарамастан, тәуелсіз еліміздің әр азаматының парызы екендігі туралы баяндады.  Жиналыс барысында инспецияда ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан А.Тусипкалиевке, Б.Сыдыковаға, А.Азаматоваға және қызметте жақсы көрсеткіш көрсеткен мемлекеттік қызметшілер М.Кожахметовке,  Ж.Булекчуринге, Н.Убаеваға алғыс хаттар табысталды. Жиналыс соңында инспекцияда ұзақ жылдар қызмет етіп, алғыс хатпен мараппатталған А.Тусипкалиев, Б.Сыдыкова тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі егемендігіміздің тірегі болған айтулы мерекемен ұжымды құттықтап, көк туымыз көктен түспей, Конституциямыз өміршең болсын деген тілектерін жеткізді.