Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 17-18 мамыр күндері үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жүргізуге Республикалық бюджеттен бөлінген пестицидтер аудан орталықтарындағы уақытша сақтау қоймаларына түгелімен жеткізілді.

13-17 мамыр аралығында аса қауіпті зиянды ағзалар мен ауруларға, үйірлі және үйірсіз шегірткелерге қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс-шаралар, науқандық жұмыстарына әзірлігі, тағы басқа іс-шаралар туралы штаб отырыстары Бөкейордасы, Сырым, Қаратөбе аудандарында аудан әкімінің төрағалығымен өткізілді.

Отырысқа қатысқандар ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, облыстық штаб төрағасының орынбасары Хайретдинов Лавр Рашидұлы, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» РММ Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы, штаб мүшесі Алдабергенов Алтай Қапанұлы, аудандық штаб мүшелері, ауылдық округ әкімдері.

Ағымдағы жылдың 17 мамырында пестицидтерді тасымалдаушы «Туремуратов» ЖК-нің автокөлігімен облыс аумағына Республикалық бюджеттен бөлінген пестицидтер толығымен аудандағы уақытша қоймаларға жеткізді.

рисунок рисунок рисунок рисунок рисунок

Сенбі күні мекемемізде сенбілік жұмыстары өтті. Бұл сенбіліктің басты мақсаты – тиісті аумақтарды жөнге келтіру, ғимарат қасбеттерін бояу, күл – қоқыс сауыттарын, көшедегі және бақтардағы орындықтарды, бағаналарды жөндеу және бояу, ағаштарды әктеу және қала аумағындағы күл – қоқыстарды тұрмыстық қалдықтар полигонына шығару болып табылады.

Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні БҚО әкімінің бірінші орынбасары М.Н. Манкеевтің төрағалығымен аса қауіпті зиянды ағзалар мен ауруларға, үйірлі және үйірсіз шегірткелер мен карантиндік нысандарға қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс шаралар туралы жедел ШТАБ отырысы өткізілді. Күн тәртібінде ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекция басшысы Л.Р. Хайретдинов облыс аумағында аса қауіпті зиянды ағзалар мен шегірткелерге және карантиндік нысандарға қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс шараларды уақытылы, сапалы, және тиімді атқару қажеттілігін айтты. Бөкейордасы және Қаратөбе аудан әкімдері науқандық жұмысқа дайындығы жөнінде баяндап өтті.

рисунок рисунок рисунок

15 сәуір күні БҚО Аумақтық Инспекциясында Zoom  бағдарламасы арқылы  аталған инспекцияның өсімдіктер қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Е.Құрмашев, өсімдіктер карантині және фитосанитарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Т.Ергалиев, кадрлық ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Т.Темиралиев, бас-маман заңгер А.Даулетовтың , сонымен қатар БҚО АИ бас мамандары және БҚО АИ Карантиндік зертхана , Орал қалалық және аудандық аумақтық инспекция басшыларының және мамандарының қатысуымен агрооқу ұйымдастырылды. Жиын барысында ауыл шаршылығы өнімдерін өндірушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы, әдеп нормалары, өсімдіктер карантині саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және өсімдіктерді қорғау саласы аясында шегірткелерге қарсы іс-шаралар мәселелері қозғалынып, салалар бойынша заңнамалар түсіндірілді. 

Ағымдағы жылдың 12 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында БҚО Аумақтық Инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекциясы бөлімінің бас мамандары Джуламанова Ақбаян Эбдушевна мен Қайырғалиева Алтынай Қайырғалиқызы ҚР АШМ АӨК МИК "Қазақстан Республикасының үздік инспекторы" төсбелгісімен марапатталды. Әріптестерімізге биік белестер мен жұмыста табыс тілейміз!

Биылғы жылдың сәуір айының 16 күні, Ақжайық ауданына қарасты Алмалы ауылдық округінде, жергілікті атқарушы ұйымының ұйымдастыруымен Тайпақ және Алмалы ауыл округтерінің бағбандарымен жиын өткізілді. Жиында фитосанитарлық диагностикалық орталығы сертификаттарды алу, фитосанитарлық есептерді тапсыру және зерттеу жұмыстарын жүргізуге түсінік жұмыстарын жасады.