Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні БҚО әкімінің бірінші орынбасары М.Н. Манкеевтің төрағалығымен аса қауіпті зиянды ағзалар мен ауруларға, үйірлі және үйірсіз шегірткелер мен карантиндік нысандарға қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс шаралар туралы жедел ШТАБ отырысы өткізілді. Күн тәртібінде ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекция басшысы Л.Р. Хайретдинов облыс аумағында аса қауіпті зиянды ағзалар мен шегірткелерге және карантиндік нысандарға қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс шараларды уақытылы, сапалы, және тиімді атқару қажеттілігін айтты. Бөкейордасы және Қаратөбе аудан әкімдері науқандық жұмысқа дайындығы жөнінде баяндап өтті.

рисунок рисунок рисунок