15 сәуір күні БҚО Аумақтық Инспекциясында Zoom  бағдарламасы арқылы  аталған инспекцияның өсімдіктер қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Е.Құрмашев, өсімдіктер карантині және фитосанитарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Т.Ергалиев, кадрлық ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Т.Темиралиев, бас-маман заңгер А.Даулетовтың , сонымен қатар БҚО АИ бас мамандары және БҚО АИ Карантиндік зертхана , Орал қалалық және аудандық аумақтық инспекция басшыларының және мамандарының қатысуымен агрооқу ұйымдастырылды. Жиын барысында ауыл шаршылығы өнімдерін өндірушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы, әдеп нормалары, өсімдіктер карантині саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және өсімдіктерді қорғау саласы аясында шегірткелерге қарсы іс-шаралар мәселелері қозғалынып, салалар бойынша заңнамалар түсіндірілді.