Сенбі күні мекемемізде сенбілік жұмыстары өтті. Бұл сенбіліктің басты мақсаты – тиісті аумақтарды жөнге келтіру, ғимарат қасбеттерін бояу, күл – қоқыс сауыттарын, көшедегі және бақтардағы орындықтарды, бағаналарды жөндеу және бояу, ағаштарды әктеу және қала аумағындағы күл – қоқыстарды тұрмыстық қалдықтар полигонына шығару болып табылады.