Жаңалықтар

ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы ұжымы Тулбаев Мухаммед-Гариф атындағы мешітінде (Қызыл мешіт) ораза ұстаушы жамағатқа ауыз ашар берді. Мешіттің бас имамы Қажымұқанға алғысымызды білдіреміз. Рамазан айы мүбәрәк болсын, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!

ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекция  ұжымы мекеменің рухани жаңғыру бағытында жасақталған жоспар бойынша 9 мамыр жеңіс күніне орай 2019 жылдың 8 мамыр күні М.Мәметованың  мұражайына барып ұлы отан соғысының батыр қызы Мәншук Мәметованың өмірі мен сол соғыстағы ерлігі туралы көп деген мәліметтер алып, ұжым жақсы әсерде қайтты.

ҚР АШМ АӨК МИК Жаңақала аудандық аумақтық инспекция ұжымы қоршаған ортаны таза ұстап, ластанудан қорғауға бағытталған сенбілікке жұмыла қатысып, белсенділіктерін көрсетті. Өткен апта көшелерді, саябақтарды абаттандыру жүргізілсе, бұл жолы Полигон аумағы тазаланды.

Татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі күні жылдағы дәстүр бойынша Н.Назарбаев даңғылы бойымен облысымыздағы мекемелер, білім беру ұйымдары, кәсіпорындар қызметкерлері салтанатты шерумен жүріп өтті.

2019 жылғы 30 сәуір күні ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Р.Хайретдиновтың төрағалық етуімен «1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні»  мерекесімен құттықтау жиналысы өткізілді.

«1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай, ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері Қадыр Мырза Әлінің мемориалдық мұражайына және Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясына ұжым болып барып қайтты.