«1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай, ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері Қадыр Мырза Әлінің мемориалдық мұражайына және Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясына ұжым болып барып қайтты.
Этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік және азаматтық институттардың өзара қарым-қатынасын белсендіру, облыс ассамблеясының, оның қалалық және аудандық құрылымдарының жұмыс механизмі мен ұйымдық құрылымын жетілдіру, этносаралық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бойынша азаматтық бастамаларға қолдау көрсету үшін мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру мақсатында құрылғаннан бері, қазақстандық бірегейлікті және жалпыұлттық бірлікті қалыптастыруға бағытталған көптеген игі істердің тұтқасы болып келе жатқан Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің этно-мәдени бірлестіктерінің бөлмелерімен танысып, Батыс Қазақстан облысы «Ағайын» қазақ этно-мәдени бірлестігіне ұжым атынан естелік ретінде «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты кітапты табыс етті.
{gallery}0/5{/gallery}










