Татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі күні жылдағы дәстүр бойынша Н.Назарбаев даңғылы бойымен облысымыздағы мекемелер, білім беру ұйымдары, кәсіпорындар қызметкерлері салтанатты шерумен жүріп өтті.

 

Салтанатты шеруге ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері де әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, мерекелік көңіл-күйде қатысты.

        

Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі, ал бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы екендігінің көрінісі. Ең бастысы, ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмай, Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесін.

{gallery}0/6{/gallery}