Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясында 20 наурыз күні «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалымен бірлескен дөңгелек үстел өткізілді. Дөгелек үстелдің күн тәртібінде қаралған басты мәселе: «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау».
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алмалы ауылдық округінің ауыл тарихының өлкетану мұражайында болып қайтты.
Ағымдағы жылғы 7 наурыз күні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы ұжымының ер азаматтары әйелдер қауымын шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі «8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен» құттықтады. Инспекцияда көп жылдар бойы еңбек еткен ардақты аналарға, ауыл шаруашылық ардагерлеріне «Ауыл шаруашылығы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі атынан «Құрметті ардагер» төсбелгісі табысталып, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Есқалиевтың атынан «Алғыс хатпен», «Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы төрағасы Ғ.Сахиповтың атынан облысымыздың өркендеу жолындағы нәтижелі еңбегі үшін және қоғамдық өмірге белсене араласқандары үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында 2019 жылғы 21 ақпан күні инспекция басшысының міндетін атқарушы С. Бадеевтың төрағалығымен «Өсімдіктер карантині саласында Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтарға жол бермеу және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормаларының сақталуы» тақырыбында жиналыс өтті.
Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 11 ақпандағы №344 «Өсімдіктер карантині туралы» Заңына сай фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар беруге мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Корсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі. Тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімдерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге уәкілетті органның берген фитосанитариялық сертификат және Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
2019 жылғы 21 ақпан күні Сырым ауданында өткен Нұр Отан партиясының 20 жылдығына арналған партия мүшелері арасында аудандық «Нұр Отан» партия кубогінде «Ең үздік қақпашы» болып, ҚР АШМ АӨК МИК Сырым аудандық аумақтық инспекциясының бас-маман өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы Т.С.Габбасов танылды.
















