ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында 2019 жылғы 21 ақпан күні  инспекция басшысының міндетін атқарушы С. Бадеевтың төрағалығымен «Өсімдіктер карантині саласында Сыбайлас жемқорлық  және  құқық бұзушылықтарға жол бермеу және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормаларының сақталуы» тақырыбында жиналыс өтті.

Жиналысты ұйымдастырып, өткізудегі мақсат- инспекциядағы жемқорлыққа қарсы жұмыстарды жандандыру.

 

Жиналысқа «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысының»,  Республикалық қоғамдық бірлестігінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының БҚО филиалының, БҚО Ауыл шаруашылығы ардагерлер кенесінің өкілдері,  ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық және аудандық аумақтық инспекциялардың өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторлары және Орал қалалық аумақтық инспекция басшысы мен қызметкерлері, ведомстваға бағынысты мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру, мемлекеттік қызмет көрсету барысы және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзышылықтардың алдын алу жұмыстары және Әдеп нормалары туралы кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы – Әдеп жөніндегі уәкілі Темиралиев Темирлан Махметжанович хабарлама жасап, өсімдіктер карантині және ФББ жөніндегі мемлекеттік инспекциясы бөлім басшысының м.а. Мулдашев Арман Болатович «Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңына сәйкес жұмыс ұйымдастыру, мемлекеттік қызмет көрсету барысы және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзышылықтардың алдын алу жұмыстары жөнінде» баяндама жасады.

 

Жиналыстың қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданды. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша тұрақты негізде іс-шаралар жүргізу; Жауапты қызметкерлерге, мемлекеттік  инспекторларға  өздеріне  жүктелген  міндеттерге  сәйкес  Заң  талаптарын  қатаң  сақтауға, «Жемқорлық пен күрес туралы» Заңдарының, талаптарының қатаң сақталуына жете көңіл бөлінуі және өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол берген жағдайда тікелей жауапкершілікке тартылатындығы; Облыстық аумақтақтық инспекцияда құрылған ішкі қауіпсіздік тобының жұмысының жаластырылуы; Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді уақытылы және фитосанитариялық талаптарға сай рәсімдеп, карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық бақылау және қадағалау арнайы бейнетіркегіш (видеорегистратор) жетон арқылы жүргізілуді; Маусымдық кезеннің басталуына орай, тұқымдық материалдар мен отырғызу материалдарын карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен залалдануын алдын алу үшін, сондай-ақ отырғызу материалдарына қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен тексеру-қарау жұмыстарын күшейту мақсатында үш айлық «Көшет» акциясы ұйымдастырылуын; «Кедендік рәсімдеу орталығында» және «Орал» ФББ – де өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар ротация негізінде әрдайым ауыстырылып отырылуын; «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысы»  Республикалық қоғамдық бірлестігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы профилактикалық  бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылуын; Облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының әр бір қызметкерлері тарапынан Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық нормалары бойынша  тәртіптік бұзушылықтарға жол берілмеуін және оның орындалуын бақылау Инспекцияның Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Теміралиевке тапсырылатындығы Хаттамалық шешім ретінде алынды.