Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 11 ақпандағы №344 «Өсімдіктер карантині туралы» Заңына сай фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар беруге мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Корсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі. Тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімдерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге уәкілетті органның берген фитосанитариялық сертификат және Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.


Жеке және заңды тұлгалар фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар алған жағдайда үй жағдайында интернет арқылы электронды цифрлы қолтаңбамен электрондық үкіметтің www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталымен өтініш бере алады. Ол үшін мынадай құжаттар қажет етіледі:


Ең алдымен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес нысан бойынша өтінім беріледі, содан соң жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігін немесе анықтамасын көрсетеді. Жеке басын куәландыратын құжат және өтінім берушінің өкілдік ету өкілеттілігін куәландыратын құжат көрсетіледі. Сонымен қатар импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талаптары көрсетілуі қажет.


Интернет көмегін пайдалану мүмкін болмаған жағдайда уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне барып та өтініш бере алады. Өтінімде карантинге жатқызылған өнімнің атауы, баратын жері және пайдалану мақсаты көрсетілуі тиіс.


Қызметті алушы қызмет берушінің қызметіне жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді. Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы өтінім берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.


Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге тасуға фитосанитариялық сертификат беру 5 (бес) жұмыс күні ішінде және карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру 3 (үш) жұмыс күнінде беріледі.


Өтінімде карантинге жатқызылған өнімнің атауы, баратын пункті және пайдалану мақсаты көрсетіледі. Фитосанитариялық және карантиндік сертификатты карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің бар-жоғын зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы береді және өз қолымен белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртаңбамен) растайды. Фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар карантинге жатқызылған өнімнің әрбір легіне беріледі және оның карантиндік жәй-күйіне куәландыруға, жүргізілген залалсыздандыру, осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа қосымша карантиндік талаптардың орындалғаны туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.

Фитосанитариялық және карантиндік сертификаттардың түпнұсқалары карантинге жатқызылған өнімді жөнелтушіге беріледі.


Қазақстан Республикасының карантинді аймағынан әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді жүретін жолында басқа мекен-жай жіберуге тыйым салынады. Әкетілетін карантинге жатқызылған өнім оның баратын пунктінде қайтадан карантиндік тексеруге жатады.


Карантинге жатқызылған өнім иесі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы кез келген қолжетімді әдіспен хабардар етеді және келген күннен кейін бір жұмыс күннен кешіктірмей жеткізілген межелі, жеткізу орнында карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру үшін карантинге жатқызылған өнімді көрсетеді. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы келген өнімге бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізіп, өнімнен сараптама үлгілерін алып, зертханаға жібереді. Өнім таза болған жағдайда карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі беріледі.


Егер тасымалдаушы өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалау жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнімді көрсетуден бас тартқан жағдайда ол иесінен экспорттаушы елге қайтаруға жатады, ол туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес карантинге жатқызылған өнімді қайтару актісі жасалады, бұл туралы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін, Қазақстан Республикасының шекара органдарын және мемлекеттік кіріс органдарын хабардар етеді.

 

Талғат КОЙШЕКЕНОВ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясының  өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы