Ағымдағы жылғы 7 наурыз күні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы ұжымының ер азаматтары әйелдер қауымын шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі «8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен» құттықтады. Инспекцияда көп жылдар бойы еңбек еткен ардақты аналарға, ауыл шаруашылық ардагерлеріне «Ауыл шаруашылығы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі атынан «Құрметті ардагер» төсбелгісі табысталып, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Есқалиевтың атынан «Алғыс хатпен», «Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы төрағасы Ғ.Сахиповтың атынан облысымыздың өркендеу жолындағы нәтижелі еңбегі үшін және қоғамдық өмірге белсене араласқандары үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.


Сонымен қатар, инспекцияда ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы міндетін атқарушы А.Марстың және инспекция басшысы Л.Хайретдиновтың «Алғыс хаты» табысталды. Марапаттау рәсімінен кейін, ер азаматтар әуелетіп ән шырқап, мағыналы көріністер көрсетіп, әйелдер қауымына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

{gallery}2/4{/gallery}