Жаңалықтар

Біздің еліміз басқа да көптеген мемлекеттер секілді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Қазақстан – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қабылданған және осы мәселе бойынша халықаралық конвенцияға мүше болған алғашқы ТМД елдерінің қатарында.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру-құқықтық  қамтамасыз ету бөлімінің басшысы-Әдеп жөніндегі уәкіл Т.Темиралиев және инспекцияның кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Курмашев облысымыздың Ақжайық ауданында ресми іссапармен болып,  ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Е.Нысанбаев және жауапты қызметкерлер,  «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ аудандық филиалы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты Р.Ким жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына атбасын тіреп, ауыл шаруашылығы саласындағы ұжым қызметкерлерімен кездесті деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының баспасөз қызметі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясының басшысы А.Утепов және жауапты қызметкерлер, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің Сырым аудандық филиалы, ауыл шаруашылық тауар өңдірушілері,кәсіпкерлік палатасы өкілдері, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен өткен  оқу әдістемелік семинарда зиянды ағзаларға қарсы зерттеу және күрес шаралары талқыланды.

Апта дүйсенбісінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының  кеңейтілген кеңес отырысында 2018 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысы және 2019 жылға арналған мақсат-міндеттер туралы мәселелер талқыланды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясында өсімдіктер карантині саласы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуын қадағалау және облыс аумағында өсімдіктер карантині саласы бойынша мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында пилоттық режимде бейнетіркегіш құралдарын қолданатын болады,-деп хабарлайды инспекцияның баспасөз қызметі.