Біздің еліміз басқа да көптеген мемлекеттер секілді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Қазақстан – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қабылданған және осы мәселе бойынша халықаралық конвенцияға мүше болған алғашқы ТМД елдерінің қатарында.
Қазіргі уақытта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі принципттерді айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ міндеттемелік шарттарын белгілеп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою, кінәлілерді жауапқа тарту арқылы сыбайлас жемқорлық қарсы күрес туралы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерін туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар және оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сыбайлас жемқорлық жалпы қылмыспен қатар Қазақстанда мемлекеттік билік және қоғам үшін қауіпті. Сыбайлас жемқорлықпен күресу азаматтарда моральдық және рухани мәдениеттілікті, өз еліне деген сүйіспеншілікті қажет етеді.
Қазақстан Республикасының әр азаматы өз мемлекетінің ажырамас бөлігі екенін, және олардың әрқайсысы бұл зұлымдылыққа қарсы тұра алатынын сезінген кезде ғана, «сыбайлас жемқорлық» деп аталатын дертті жеңеміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте Елбасы саясатына қолдау көрсету басты парызымыз деп есептеймін.
Расул Мусакулов
ҚР АШМ АӨК МИК
Зеленов аудандық аумақтық
инспекциясының басшысы











