Апта дүйсенбісінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының кеңейтілген кеңес отырысында 2018 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысы және 2019 жылға арналған мақсат-міндеттер туралы мәселелер талқыланды.
Кеңесте инспекция басшысы Л.Хайретдиновке бөлімдер, ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясы және водомстволық мекемелер - ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалы, ҚР АШМ АӨК МИК «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы және облыстық карантиндік зертхана басшылары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша есеп берді.
Сондай-ақ, ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы-Әдеп жөніндегі уәкіл Т.Темиралиев Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі міндеті мен ерекшелігіне тоқталып, адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берілгендігін атап өтті. «Рухани жаңғыру – ұлтымыздың барлық ұлттық салт - дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш болып табылады. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс»-, деді ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы-Әдеп жөніндегі уәкіл Т.Темиралиев.
Кеңес барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов өткен жылы фитосанитарлық бақылау бекеттерін құру мақсатында қажетті вагондармен қамтамасыз ету және бюджет қаражатын игеру мәселесі бойынша кемшіліктерге жол берген тиіті бөлім басшыларының қызметін сынға алды. Жиын соңында Л.Хайретдинов инспекция бөлімдері мен Орал қалалық аумақтық инспекциясының басшыларына кедендік рәсімдеу орталығы және «Орал» фитосанитарлық бақылау бекетінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды күшейтуді, әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімдерден карантиндік обьектілерді анықтау мақсатында жұмыстарды жандандыруды, сонымен қатар, ҚР-ның өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуды, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен шекаралас облысымыздың Бөкейорда, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов және Тасқала аудандары аумақтарында ашылуы жоспарланған барлығы 6 фитосанитариялық бақылау бекетін арнайы вагондармен қамту шараларын жеделдетуді тапсырды.










