ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясының басшысы А.Утепов және жауапты қызметкерлер, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің Сырым аудандық филиалы, ауыл шаруашылық тауар өңдірушілері,кәсіпкерлік палатасы өкілдері, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен өткен оқу әдістемелік семинарда зиянды ағзаларға қарсы зерттеу және күрес шаралары талқыланды.
Семинар кеңесте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы Т.Габбасов өткен жылы аса қауіпті зиянды ағзаларға қарсы мониторингтік зерттеу жұмыстары барысында ауданның Бұлдырты ауылдық округі бойынша 8,0 мың.га, Сарой ауылдық округі бойынша 2,0 мың.га, Жетікөл ауылдық округі бойынша 1,0 мың.га алқапқа химиялық күрес шаралары жүргізілгендігін, сонымен қатар 2019 жылы аталған шаралар өңірдің бірқатар аймақтарында жалғасатынын тілге тиек етті.
«Сонымен қатар, аса қауіпті және зиянды ағзаларға қарсы химиялық өңдеу жұмыстары кезінде жергілікті тұрғындар төрт-түлік мал басы қауіпсіздігінің сақтық шараларына баса мән беру қажет. Бұл туралы инспекция тарапынан халыққа алдын ала хабарландырылып, ескерту белгілері орнатылатын болады»,-деді Т.Габбасов.
Кеңес соңында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясының басшысы А.Утепов жауапты тұлғаларға 2019 жылы аса қауіпті зиянды ағзаларға қарсы зерттеу (мониторинг) жұмыстарын сапалы орындау, өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасының сақталуын, химиялық өңдеу жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу бойынша қызметтердің уақытылы және сапалы жүргізілуін, химиялық пестицидтер ерітіндісін ысырапсыз пайдаланбау қажеттігін және арнайы у бүріккіш техникалардың сақадай сай дайындығын қадағалауды тапсырды.
{gallery}01/2{/gallery}










