ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы-Әдеп жөніндегі уәкіл Т.Темиралиев және инспекцияның кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Курмашев облысымыздың Ақжайық ауданында ресми іссапармен болып, ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Е.Нысанбаев және жауапты қызметкерлер, «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ аудандық филиалы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.
Кеңесте Т.Темиралиев Ұлт Көшбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру-Болашаққа бағдар» атты мақаласында айқындалған басым бағыттар туралы түсінік беру, халық арасында насихаттау арқылы қоғамымыздың көз қарасын өзгерту болып отырғанына тоқталып өтті. Соның ішінде Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша, оның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» атты бағдарламасын іске асыру шеңберінде қабылданған Жоспармен таныстырып, аталған жоспардан туындаған іс-шараларға барлық мемлекеттік қызметшілер де атсалысуы қажет екендігін жеткізді. Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымның төрағасы Е.Курмашев аталған бағдарламалар аясында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен ережелерін қатаң ұстану, сондай-ақ, алдағы уақытта ұжым қызметкерлерінің еңбек және өзге әлеуметтік мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында мекеменің кәсіподақ ұйымына мүшелік жарнадан түскен қаражаттан қоғамдық, мерекелік, спорттық іс-шаралар, емдеу сауықтыру орындарына жолдамасын өтеу және қызметкерлердің мерейлі жасқа толуына орай қөтермелеуді ұйымдастыру мәселесі қаралатындығын айтып өтті.
Кеңес соңында кәсіподақ ұйымның төрағасы Е.Курмашев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Е.Нысанбаевты мерейлі 50 жасқа толуымен құттықтап, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдиновтің атынан арнайы құттықтау хатты табыс етті.












