ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуын қадағалау және облыс аумағында өсімдіктер карантині саласы бойынша мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында пилоттық режимде бейнетіркегіш құралдарын қолданатын болады,-деп хабарлайды инспекцияның баспасөз қызметі.
Яғни, бұдан әрі республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа алынған 12 дана бейнетіркегіш құралдарын облыстық, Орал қаласы, Теректі, Зеленов, Бөрлі, Тасқала және Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары қызмет барысында Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау, карантиндi объектiлердi анықтау, Қазақстан Республикасының олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерге сәйкес өсімдіктер карантині саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бағытында карантинге жатқызылған өнімді, көлік құралдарын және тасымалдауға арналған бейімдемелерді (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын көріп зерттеп-қарау, екінші қайтара тексеру кезінде пайдаланады.
Бейнетіркегіш құралдарының қолданысқа енгізілуі – өсімдіктер карантині саласында заң бұзушылықтардың алдын алуда және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларында өзінің тиімділігі мен сапасын уақыт көрсететін болады.










