Жаңалықтар

Зиянкестер – адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер тобы. Зиянкестер адамға, малға, орман мен ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді.

Қазақстан Республикасының карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау мақсатында өсімдік карантині саласы бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылады. Аталған бағыттағы іс-шаралар  ауыл шаруашылығы, орман және сәндік дақылдардың себілетін және отырғызылатын материалына, өсімдіктерге және олардың бөліктеріне (қалемшесі, жуашығы, түйнегі, жемісі), сондай-ақ карантиндік объектілерді жұқтырушы болуы мүмкін басқа өсімдік тектес кез келген өнімге қолданылады.

Бүгін, 2019 жылғы 19 сәуір күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында 

Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» №344-I Заңының 12 бабына сәйкес мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің бірі себу мен отырғызылатын материалдары болып табылады. Осыған байланысты ауданымызда үш айға созылатын «Көшет» акциясы қолға алынды. Акция сәуір, мамыр, маусым айларын қамтымақ. Шараның басты мақсаты – халықты табиғатты аялауға шақыру, аудан аумағын бірлесіп көгалдандыру.

Ел ертеңі болып саналатын жастардың қоғамда алатын орны ерекше. Алғыр да  парасатты, білімді, жаңашылдыққа бейім жастардың ауыл өміріне араласуы құптарлық та қуантарлық іс. Өңірімізде жас мамандар саны артып келеді. Аталған жас мамандарымыздың бірі де бірегейі Габбасов Темірлан Серікұлы.

2019 жылғы 4 сәуір-16 мамыр аралығында өтетін мемлекеттік қызметшілер күніне орайластырылған мемлекеттік қызметшілер арасындағы СПАРТАКИАДАның салтанатты ашылуы өтті. Алғашқы күні мемлекеттік қызметшілер баскетбол ойындарына Агроөнеркәсіптік кешен құрама командасы (Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы) болып ойнап және шахмат ойындарында өз бақтарын сынады.

Қазақстан Республикасының  «Өсімдік  қорғау»  туралы 03 шілде 2002 жылғы Заңының  13-1,14-5 (3)  бабында  былай  жазылған: егін  және  бақша егумен  айналысатын  жеке  және  заңды  тұлғалар  фитосанитариялық  есепке  алуды  жүргізеді  және  жергілікті  уәкілетті  органға  фитосанитариялық  есептілікті  табыс  етеді  деп көрсетілген, егер  де  сіздің  қызметіңіз  мемлекеттік  фитосанитариялық  нысандармен  байланысты  болса, Қазақстан Республикасы әкімшілік  құқық  бұзушылық  кодексінің  403-1 бабында  былай  жазылған: фитосанитариялық  есептілікті  ұсынбау, сол  сияқты  уақытылы  ұсынбау  айыппұл  салуға  әкеп  соғады, яғни  әкімшілік  жауапкершілікке  тартылады  деген. Ауыл  шаруашылығы  министрінің    19-шы  маусым  2016 жылғы  №225  санды  бұйрығына  сай, жеке  және  заңды  тұлғалардың  бау-бақша  алқабы,дәнді - дақылдардың  егіс  алқаптары  мемлекеттік  фитосанитариялық  бақылауға  жататын  нысандардың  тізіміне  жатқызылған. Бұл  жеке  және  заңды  тұлғаларға фитосанитариялық  есепті  жүргізуді, тапсыруды  міндеттейді.