Қазақстан Республикасының  «Өсімдік  қорғау»  туралы 03 шілде 2002 жылғы Заңының  13-1,14-5 (3)  бабында  былай  жазылған: егін  және  бақша егумен  айналысатын  жеке  және  заңды  тұлғалар  фитосанитариялық  есепке  алуды  жүргізеді  және  жергілікті  уәкілетті  органға  фитосанитариялық  есептілікті  табыс  етеді  деп көрсетілген, егер  де  сіздің  қызметіңіз  мемлекеттік  фитосанитариялық  нысандармен  байланысты  болса, Қазақстан Республикасы әкімшілік  құқық  бұзушылық  кодексінің  403-1 бабында  былай  жазылған: фитосанитариялық  есептілікті  ұсынбау, сол  сияқты  уақытылы  ұсынбау  айыппұл  салуға  әкеп  соғады, яғни  әкімшілік  жауапкершілікке  тартылады  деген. Ауыл  шаруашылығы  министрінің    19-шы  маусым  2016 жылғы  №225  санды  бұйрығына  сай, жеке  және  заңды  тұлғалардың  бау-бақша  алқабы,дәнді - дақылдардың  егіс  алқаптары  мемлекеттік  фитосанитариялық  бақылауға  жататын  нысандардың  тізіміне  жатқызылған. Бұл  жеке  және  заңды  тұлғаларға фитосанитариялық  есепті  жүргізуді, тапсыруды  міндеттейді.


Егер  сіз  өсімдіктен  өнім  алатын  болсаңыз, сізде  арнайы  бүріккіш  дәрілегіш  техника  болса, сіз пестицидті, гербицидті, фунгицидті, әр  түрлі минералды  тыңайтқыштарды  сақтап  оны  бау-бақша  дақылдарына  нормадан  тыс, артық  қолдансаңыз,немесе  қолданбағаныңызды, таза  табиғи  өнім  өндіргеніңізді, топырақты  бүлдірмегеніңізді  растап  сегіз  түрлі  нысан  бойынша  фитосанитариялық  есепті  тапсырасыз.


-ФУ-1  Пестицидтерді,биопрепараттарды  және  энтомофактарды  өндіру  және  өткізу  туралы  есеп. Жылына  екі  рет  тапсырады: 20  шілде мен 20 қаңтарға  дейін.


-ФУ-2  Пестицидтердің, биопрепараттардың  және энтомофактардың  қозғалысы  туралы  есеп. Жылына   екі  рет  тапсырады:  20 шілде мен 20 қаңтарға  дейін.


-ФУ- 3 Пестицидтерді, биопрепараттарды  және  энтомофактарды  сақтау  туралы  есеп. Жылына  бір  рет  тапсырады:  20 қаңтарға  дейін.


-ФУ-4  Бүріккіш  және  дәрілегіш  техникалардың  бар  жоғы  туралы  есеп. Жылына  бір  рет  тапсырады: 20 қаңтарға  дейін.


-ФУ-5  Химиялық  өңдеулер  жүргізу  туралы  есеп. Наурыз  бен   қыркүйек  аралығы, әр  айдың  20 жұлдызына  дейін. 


-ФУ-6  Химиялық  өңдеу  бойынша   қызмет  көрсету  туралы  есеп. Наурыз  бен  қыркүйек  аралығы, әр айдың  20 жұлдызына дейін.


-ФУ-7  Тиым  салынған  және  жарамсыз  пестицидтер  мен  олардан  босаған  ыдыстарды  залалсыздандыру. Жылына  бір  рет  тапсырады:20  қаңтарға  дейін.

 
-ФУ-8  Қоймалық  үй-жайлардың  бар - жоғы  туралы  есеп. Жылына  бір  рет  тапсырады: 20 қаңтарға  дейін.


Фито  есепті  аталған  кестеге  сай, бау - бақша  өнімін  өндірушілер уақытында,  жергілікті  уәкілетті  органға, аудандық  аумақтық  инспекцияға  Қ.Жұмалиев  көшесі №13  мекенжайға  тапсырмаса,  ҚР  «Өсімдік  қорғау» туралы  Заңының  13-1,14-5(3) бабын  орындамағаны  үшін, ҚР  «Әкімшілік  құқық  бұзушылық»
кодексінің  403-1 бабы  бойынша  қолданыстағы  Заңға  сәйкес  жауапкершілікке  тартылып, айыппұл  төлейді. Айыппұлдың  мөлшері:


Жеке  тұлға : 5АЕК;


Шағын  кәсіпкерлік  субъектіге : 10АЕК;


Орта  кәсіпкерлік  субъектіге : 15 АЕК;


Ірі  кәсіпкерлік  субъектіге  50 АЕК.

 

 

Қаратөбе  ААИ-ның  бас  маманы-

өсімдіктерді  қорғау  жөніндегі

мемлекеттік   инспекторы                                             Б.М.Аманғалиев