Бүгін, 2019 жылғы 19 сәуір күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында «Ақжайық-адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы аясында инспекция басшысының орынбасары-сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі қауіпсіздік жұмыс тобының төрағасы С.Бадеевтың төрағалығымен ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп нормаларының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты ҚР Заңдары мен Қазақстан Республикасының Бас прокурорының Ережелерінің сақталуы тақырыбында ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ өткізілді.

 

 

Күн тәртібінде сыбайлас жеммқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру, мемлекеттік қызмет көрсету барысы және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары және Әдеп нормалары туралы кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы-Әдеп жөніндегі уәкіл Т.М.Темиралиев хабарлама жасады. Хабарламада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманың өзекті тараулары талқыланды.

 

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты ҚР Заңдары мен Қазақстан Республикасының Бас прокурорының Ережелерін сақтау туралы кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман-заңгері А.А.Наурузова хабарлама жасады.