Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясында 20 наурыз күні «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалымен бірлескен дөңгелек үстел өткізілді. Дөгелек үстелдің күн тәртібінде қаралған басты мәселе: «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау».


Жиынды ҚР АШМ АӨК МИК Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясының басшысы М.Т.Кожахметов ашып, «Нұр Отан» партиясының Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.А.Саматов сөз сөйледі.


Дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары жөнінде баяндалып, сонымен қатар ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы да бірқатар өзекті мәселелер баяндалып, шешім қабылданды.

 

{gallery}1/3{/gallery}