2019 жылғы 30 сәуір күні ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Р.Хайретдиновтың төрағалық етуімен «1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесімен құттықтау жиналысы өткізілді.
Жиналысқа ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекция қызметкерлері, ҚР АШМ ВБжҚК БҚО аумақтық инспекция қызметкерлері, ҚР АШМ Орман және Жануарлар дүниесі комитетінің БҚО аумақтық инспекция қызметкерлері, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері, Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ орталығының өкілі Сахипов Ғарапша Әділұлы, Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының ардагерлер қоғамының уәкілдері мен ардагерлер қатысты.
Әр мекеме басшысы құттықтау сөз сөйлеп, Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының ардагерлер қоғамының төрағасы Ізтелеуов Нурлан Дүйсенбайұлы ардагерлерді медальдармен марапаттады. Л.Р.Хайретдинов 1 мамыр мерекесі туралы баяндама жасап, бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбірлігіміз нығая түсіп, республикамыздағы ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, достық, бірлік мәңгі жасай берсін деген тілегін жеткізді.










