13-17 мамыр аралығында аса қауіпті зиянды ағзалар мен ауруларға, үйірлі және үйірсіз шегірткелерге қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс-шаралар, науқандық жұмыстарына әзірлігі, тағы басқа іс-шаралар туралы штаб отырыстары Бөкейордасы, Сырым, Қаратөбе аудандарында аудан әкімінің төрағалығымен өткізілді.
Отырысқа қатысқандар ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, облыстық штаб төрағасының орынбасары Хайретдинов Лавр Рашидұлы, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» РММ Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы, штаб мүшесі Алдабергенов Алтай Қапанұлы, аудандық штаб мүшелері, ауылдық округ әкімдері.
Ағымдағы жылдың 17 мамырында пестицидтерді тасымалдаушы «Туремуратов» ЖК-нің автокөлігімен облыс аумағына Республикалық бюджеттен бөлінген пестицидтер толығымен аудандағы уақытша қоймаларға жеткізді.










