2020  жылдың 1 қазан күні  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі    Агроөнеркәсіптік кешендегі  мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» мемлекеттік мекемесінің филиалы, Батыс Қазақстан облыстық карантиндік зертханасының басшылығы мен мамандары    ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының  жаңадан жұмысқа тағайындалған өсімдіктер карантині және фитосанитарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекторларына өсімдік карантині тақырыбында оқу семинарын  өткізді. Семинарда мемлекеттік инспекторларға зертхана жұмыстарымен таныстырылып,  заттаңбаның толтыру жолын, үлгіне қандай күйде зертханаға жеткізілетіні және де сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу  жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.