Пандемия кезінде де ауыл шаруашылығы саласында да қауіпсіздікті күшейту қажеттілігі туындап отыр. Шет мемлекеттерден тасымалданатын өнімдер арқылы елге түрлі паразиттік індеттер енуде. Салдарынан диқандардың еңбегі еш кетуі мүмкін. Мемлекеттік шекаралардағы фитосанитариялық бекеттердің бұл бағыттағы жұмысы қай деңгейде? Бұл мәселені арнамыздың түсірілім тобы анықтап қайтты.










