Ауыл шаруашылық, орман дақылдарының және сәндiк дақылдардың себу мен отырғызылатын материалдары, өсiмдiктер мен олардың бөлiктерiн өңдіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдау мен өткізуге байланысты жеке және заңды тұлғалар: 

           
Карантинге жатқызылған өнімді әкетуге уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері беретін фитосанитариялық немесе карантиндік сертификаттар болған жағдайда:  


Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден әкелуге немесе әкетуге фитосанитарлық сертификат; 

             
Қазақстан Республикасы ішінде тасымалдауға карантиндік сертификат;

             
Әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiм оның баратын пунктiнде қайтадан карантиндiк тексеруге жатады.

             
«КӨШЕТ» үш айлық акциясының жоспарына аясында, ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық  инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Орал қаласындағы «Мирлан» орталық сауда орнында базар әкімшіліктері мен тұқымдық және отырғызылатын материалдар сауда-саттығын жүзеге асыратын кәсіпкерлерге «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы заңының сақталуын қадағалау және заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында тексеріс шараларын жүргізіп, аталған заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі жөнінде бірқатар қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдіру, өткізу және тасымалдаумен тығыз байланысты жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық жадынамалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

                         

 

{gallery}4/1{/gallery}