«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және Елбасының арнайы Жарлығына сәйкес, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, халықтың алдында жауапкершілігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметкерлер ант қабылдайды.
Яғни, мемлекеттік қызметшінің ант қабылдағаны, өз Отанына адал қызмет етуге серт бергені болып саналады, ал мемлекеттік қызметке қабылдау ол қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру болып табылады.
Осыған орай, ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында мемлекеттік лауазымға жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өткізілді.










