Бұл туралы 2018 жылғы 28 желтоқсанда ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдиновтің төрағалығымен және облыстық инспекция бөлімдері, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ облыстық филиалы, ҚР АШМ АӨК МИК «Фитосанитария» ШЖҚРМК облыстық филиалы, «Карантиндік зертхана» ҚР АШМ АӨК МИК РМК БҚО бойынша филиалы, Орал қалалық, аудандық аумақтық инспекция басшылары және сала қызметкерлерінің қатысуымен өткен жиында кеңінен қаралды. Кеңесте ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Е.Құрмашев, өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы А.Мулдашев,  мемлекеттік астық инспекциясы бөлімінің басшысы Е.Қоблан және кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасы ету бөлімінің басшысы - Әдеп жөніндегі уәкіл Т.Темиралиев сала бойынша атқарылған жұмыстар туралы жан-жақты баяндап өтті.


2018 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша аса қауіпті зиянкестерге қарсы зерттеу жұмыстары барлығы 5000,0 мың.га жерге, соның ішінде шегірткелерге қарсы зерттеу 1508,6 мың.га жерге жүргізілді. «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» РММ Батыс Қазақстан облыстық филиалы тарапынан 2018 жылы аса қауіпті шегірткелерге қарсы  өңдеу жұмыстары облыс бойынша 168,71 мың га жоспарланып, оның ішінде  жеңіл ұшақпен 34,9 мың га, жер үсті техникаларымен   133,81мың гектарға химиялық өңдеу  іс-шараларын жүргізу Бөкейордасы, Бөрлі, Жаңақала, Қаратөбе, Сырым, Теректі және Шыңғырлау аудандарында жоспарланған болатын. Бөрлі, Теректі және Шыңғырлау аудандарында шегіртке дернәсілдерінің ауа райы салдарынан (қардың жұқа болуы және аязды болуына байланысты) жер бетіне шықпай қалған болатын, ал Қаратөбе ауданы аумағында шегірткенің жоспардан артық болу себебі «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» РММ Батыс Қазақстан облыстық филиалының негіздемесі бойынша: Ауа райының құбылмалылығына байланысты, шегірткелердің шығу мерзімі біркелкі болмай созылмалы болды, яғни үзік-үзік болуына байланысты өңделген жерлерден қайталанып шығып 25,8 мың. га жерге өңдеу жұмыстары көбейді.Итальян шегірткесіне қарсы химиялық  өңдеу көлемі көбейгендіктен облысымыздың Бөкейордасы, Бөрлі,  Теректі, және Шыңғырлау аудандардағы жоспарланған көлем толық шықпауына байланысты, Сырым ауданы мен Қаратөбе ауданына ауыстырылған және қосымша комитеттен 10,0 мың га. жерге химиялық өңдеуге препататтар алынып химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізді. Барлығы 176,71 мың.га аумаққа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Облыс аумағында жергілікті бюджет есебінен саяқ шегірткелердің  дернәсілдеріне қарсы 52,006 мың га, бидай трипісіне 3,5 мың га жерге химиялық өңдеу жұмыстары жергілікті бюджет есебінен 102,575 млн тенге қаражат қаралып өңдеу жұмыстарын «Магтоксин» ЖШС және «ЗапКазФумигация» ЖШС атқарды. Шегіртке дернәсілдеріне шекара бойында зерттеу жұмыстары жүргізіліп екі жақты құжаттар толтырылды. 2018 жылы облыс аумағынан Ресей Федерациясы еліне және Батыс Қазақстан облысы аумағына қарай үйірлі шегірткенің ұшып қонысталуы болған жоқ. Батыс Қазақстан облысы бойынша жазғы және күзгі зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 2019 жылы Республикалық бюджет есебінен аса қауіпті ағзаларға қарсы  жүргізілетін жұмыс көлемі -  177,61 мың.га болжамдалуда.


Өсімдіктер карантині саласында карантиндік объектілерді анықтау мақсатында 297,141 мың.га аумақта зерттеу жұмыстары жоспарланып, нақты 247,141 мың.га аумақта жүргізілді. Көктемгі зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша карантиндік арамшөп - жатаған укекіремен залалданған ошағы - 1566,75 га, ал карантиндік зиянкес – жұпсыз жібек көбелегімен залалданған ошағы - 504,7 га құрады. Жалпы Импортталған және Экспортқа шығарылған карантиндік өнімдерді тексеріп қарау барысында астық тұқымдас өнімдер (бидай, арпа, кебек, ұн т.с.с) - 153024 мың.тонна, ағаш материалдары – 454,04 текше метр, жеміс-жидектер мен  көкөністер – 144102 мың.тонна, отырғызылатын және себілетін тұқымдық материалдардың – 12 739 435 данасы мемлекеттік инспекторлармен тексерілді.


Тексеру нәтижелері бойынша өсімдіктер карантині саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын бұза отырып, Ресей Федерациясынан карантинге жатқызылған 912,19 тонна өнімді әкелген 62 автокөлік құралы анықталды. Тасымалдаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 827 800 теңгеден астам 38 әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ өнімді экспорттаушы елге қайтару істері жүзеге асырылды. Сонымен қатар, іріктеп алынған үлгілерде карантиндік объектілер болып табылатын калифорниялық қалқаншаның дернәсілдері мен арамсояу тұқымдары анықталды.


Жыл басынан бері өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен карантиндік заңнамаларды бұзғаны үшін 90 Заң бұзушылық анықталып Әкімшілік Кодексінің 400 бабы бойынша жауапқа тартылып, 62 қайтару актісі толтырылып карантинге жатқызылған өнім тиелген 62 автокөлік кері қайтарылды және 72 әкімшілік іс қозғалып 4016350 теңге айыппұл салынды.


Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралас Бөкейорда, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов және Тасқала аудандарының аумақтарында фитосанитариялық бақылау бекеттерін құру жоспарланып, бекеттерді жабдықтау үшін қажетті құрал жабдықтар сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде автомобиль өткізу пункттері арқылы әкелінетін және әкетілетін карантинге жатқызылған өнімдерге карантиндік фитосанитариялық бақылауды аталған фитосанитариялық бақылау бекеттері жүзеге асыратын болады.


2018 жылы облысымызда 244,4 мың гектардан, өнімділігі 6,9 центнер гектардан 168,3 мың тонн дәнді-дақылдардың астық өнімі жиналды. Сонымен қатар, 9 астық қабылдау кәсіпорындарына жаңа егіннің 118,7 мың тонна астығы тапсырылды. Түскен 118,7 мың тонна астығы сапасына зерттеліп, соның ішінде 84,5 мың тонна бидайдың 57,8 мың тоннасы 3 сынып, 5,5 мың тоннасы 4 сынып, 20,9 мың тоннасы 5 сынып және сыныпсыз 0,3 мың тоннасын құрады, арпа 2 сынып 2,9 мың тоннасын құрады, басқа дәнді дақылдар 31,3 мың тонна. Жиналған астықтың бақылау объектілеріне сақтауға тасымалдауы және астықтың сапасына сараптама жүргізу жұмыстарына, астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын орындалуына 44 рет профилактикалық бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізілді. Күні бүгінге дейін астық қабылдау кәсіпорындарында 98,1 мың тонна астық сақталуда. Астық қабылдау кәсіпорындарынан 68148 тонна астық тиеліп жөнелтілді, соның ішінде басқа облыстарға 1996 тонна, Қытай Халық Республикасына 10421 тонна және Өзбекстан Республикасына 46456 тонна дақылдардың астығы жіберілді.


Сонымен қатар, кеңейтілген кеңес отырысында «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің жауапты маманы  Е.Сарсенғалиев,  ҚР АШМ АӨК МИК Бөкейорда аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Б.Уразов,  Каратөбе аудандық аумақтық инспекциясының басшысы басшысы Р.Альжанов, Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясының басшысы басшысы Н.Султанов 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған мәселелер туралы айтып өтті.  ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов аудандық аумақтық инспекция басшыларына ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу шараларын жүргізуде қолда бар техниканы тиімді пайдаланып, тиісті іс-шараларды қатаң бақылауда ұстауды, жоспарланған химиялық улау шаралары туралы алдын ала жергілікті тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын белсенді жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, Л.Хайретдинов облыстық аумақтық инспекция бөлімдері, Орал қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.


Кеңес соңында 2018 жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласына өз үлестерін қосқан және үздік деп танылған белсенді мемлекеттік қызметшілер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрайымы А.Қаджыбекова, облыс әкімі А.Көлгінов және ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдиновтің Алғыс Хаты және түрлі аталымдарымен марапатқа ие болды.