Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу, Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау, карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу мақсатында биыл Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралас облысымыздың Бөкейорда, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов және Тасқала аудандарының аумақтарында фитосанитариялық бақылау бекеттерін құру жоспарлануда.Қазіргі таңда аталған бекеттерді жабдықтауды қамтамасыз ету үшін қажетті құрал-жабдықтарды мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті жұмыстар әлі жалғасуда.
Осыған орай, 2019 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов фитосанитариялық бақылау бекеттерінің ашылуын ұйымдастыру мәселесі бойынша Жаңақала ауданына іссапармен ат басын бұрды.
Сонымен қатар, аталмыш өңірде аудан әкімі Н.Қарағойшиннің төрағалығымен және ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов, сала жетекшілерінің қатысуымен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында 2018-2019 жылдарда мал қыстату кезеңін өткізу бойынша облыстық штаб отырысы өткізілді.










