2019 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов Бөкейордасы ауданында ресми іссапармен болып, аталған өңірде аудан әкімі Н.Рақымжановтың төрағалығымен және тиісті сала басшыларымен өткен 2018-2019 жылдарда мал қыстату кезеңін өткізу бойынша облыстық штаб отырысына қатысты деп хабарлайды,- ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекциясының баспасөз қызметі.
Штаб отырысының күн тәртібінде ауыл-аймақтардың қыс мезгіліндегі мал қыстату кезеңіне дайындығы мәселесі кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, инспекция басшысы Л.Хайретдинов ҚР АШМ АӨК МИК Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Б.Оразовпен өсімдіктер карантині саласы аясында жоспарға сәйкес ауданда фитосанитарлық бақылау бекетінің ашылу жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін пысықтады.










