Жаңалықтар
Өткен аптада облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Д.Умашев, басқарманың астық және тұқым инспекциясы бөлімінің басшысы К.Кайдашов, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік астық инспекциясы бөлімінің басшысы Е.Коблан және аталған бөлімнің бас маманы Г.Мейрманова Зеленов, Тасқала және Теректі аудандарында ресми іссапармен болып, «Тасқала-Дән», «Яикское ХПП» және «Переметный элеватор» ЖШС-нің астық қабылдау кәсіпорындарының біліктілік талаптарына сәйкестігі тексерілді және профилактикалық бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізілді.
2017-2022 жылдарға арналған құқықтық ағарту саласын жетілдіру бойынша Тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндет екендігі көрсетілген. Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, тамырын тереңге жайған қауіпті кеселдің бірі.
Елімізде жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыспен қарсы күресті күшейту мақсатында «ҚР-ның мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы жүзеге асырылуда.
Әдеп жөніндегі уәкілмен Мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша 2018 жылдың 2 тоқсанында 4 рет алдын алу және түсіндіру іс-шаралар өткізілді, оның ішінде дәріс пен семинарлар - 3, интернет-ресурстарында - 1 жарияланым. 2 көшпелі іс-шаралар өткізілді.
Бүгін ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының басшысы З.Машаев және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар, сонымен қатар қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары мен жергілікті полиция қызметінің инспекторлары Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласында заң бұзушылықтарды болдырмау бағытында облыс орталығындағы «Мерлан» сауда базарында көкөніс және жеміс-жидек өнімдерін сататын жабайы сауда орындарына бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастырды.
Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi, мемлекеттің азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету; фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ міндет. Осы бағытта елімізде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өздеріне қатысты құқықтарын және қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс – әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолданудың нақты жолдарын толық білу қажет.Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.













