Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ міндет. Осы бағытта елімізде  Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өздеріне қатысты құқықтарын және қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс – әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолданудың нақты жолдарын толық білу қажет.Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ.Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

ҚР АШМ АӨК МИК Сырым аудандық аумақтық инспекциясында 3 мемлекеттік қызметші, атап айтқанда, басшы және 2 бас маман - мемлекеттік инспекторлар қызмет етуде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің өз міндеттерін атқару кезінде тиісті заңдылықты сақтауға үнемі көңіл бөлінуде.

Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Бұл – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасының азаматтарының азаматтық борышы деп түсіну керек.