Бүгін ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының басшысы З.Машаев және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар, сонымен қатар қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары мен жергілікті полиция қызметінің инспекторлары Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласында заң бұзушылықтарды болдырмау бағытында облыс орталығындағы «Мерлан» сауда базарында көкөніс және жеміс-жидек өнімдерін сататын жабайы сауда орындарына бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастырды.
Тексеріс барысында кәсіпкерлік субъектілеріне тиісті заңнама талаптарын сақтау туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.










