Елімізде жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыспен қарсы күресті күшейту мақсатында «ҚР-ның мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы жүзеге асырылуда.

ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ, соларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы «сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады.

Аталған заңның талаптарына сәйкес барлық мемлекет қызметшілерге және құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің лауазымды тұлғаларына кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқару органдарына, ақы төленетін қызметтер атқаруға тиым салынады. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар үшін өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті болып табылады. Осыған орай, ҚР АШМ АӨК МИК Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспары жасақталып, жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасын, осыған байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібін,  құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс-әрекеттерге қарсы шаралар қабылдай білуі тиістігін ұдайы назарда ұстауы қажет.

 

 Нұрхан Әбішев

 ҚР АШМ АӨК МИК  Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы- асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы