Өткен аптада облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Д.Умашев, басқарманың астық және тұқым инспекциясы бөлімінің басшысы К.Кайдашов, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік астық инспекциясы бөлімінің басшысы Е.Коблан және аталған бөлімнің бас маманы Г.Мейрманова Зеленов, Тасқала және Теректі аудандарында ресми іссапармен болып, «Тасқала-Дән», «Яикское ХПП» және «Переметный элеватор» ЖШС-нің астық қабылдау кәсіпорындарының біліктілік талаптарына сәйкестігі тексерілді және профилактикалық бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізілді.










