Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 2 маусым күні ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының ұжым қызметкерлері жалпы қалалық экологиялық акция аясында өткізілген сенбілік барысында мекеме айналасындағы жаяу жүргіншілерін өз күштерімен жөндеп, бірнеше түп ағаш және гүл көшеттерін отырғызды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрайымының орынбасары А.Марстың төрағалығымен аса қауіпті және зиянды ағзаларға қарсы күрес шараларын жүргізу мәселесі жөнінде селекторлық кеңес отырысы өтті. Алмабек Марсұлы ҚР АШМ АӨК МИК облыстық аумақтық инспекциясы, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалы, ҚР АШМ АӨК МИК «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы және облыстық карантиндік зертхана басшылары және қызметі химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекет қызмет көрсетуге жауапты жеке кәсіпкерлік жетекшілері бас қосқан бейнеконференцияда ағымдағы жылы науқандық кезеңде өзара бірлесе отырып, шегіртке тұқымдас зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізуді қатаң тапсырды.
Ағымдағы жылдың 3 мамыр күні ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Р.Хайретдинов жұмыс сапарымен облысымыздың Теректі, Шыңғырлау және Бөрлі аудандарын аралап, аталған өңірлердің әкімдері Қ.Жақыпов, А.Есалиев және А.Халеловтың жеке қабылдауында болды.
Аса қауіпті және зиянды ағзаларға қарсы күрес шараларын сапалы жүргізу мәселесі Жаңақала ауданында өткен 2018 жылы зиянды шегірткелерге қарсы жүргізілетін іс-шараларды үйлестіру жөніндегі жедел штаб отырысында кеңінен талқыланды.
Бүгін ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Р.Хайретдинов өңіріміздің Қаратөбе және Сырым ауданында жұмыс сапарымен болып, аталған аудан әкімдіктерінде 2018 жылы зиянды шегірткелерге қарсы жүргізілетін іс-шараларды үйлестіру жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді. Штаб отырысының күн тәртібінде аса қауіпті және зиянды ағзаларға қарсы күрес шараларын уақытылы сапалы жүргізу қажеттігі туралы мәселе кеңінен көтеріліп, жан-жақты талқыланды.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты драйвері – ауыл шаруашылығы саласына басым бағыт беріліп отырғандығы баршаға белгілі.
Таяуда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО аумақтық инспекциясында дөңгелек үстел өтті.











