Ағымдағы жылдың 3 мамыр күні ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Р.Хайретдинов жұмыс сапарымен облысымыздың Теректі, Шыңғырлау және Бөрлі аудандарын аралап, аталған өңірлердің әкімдері Қ.Жақыпов, А.Есалиев және А.Халеловтың жеке қабылдауында болды.
Қабылдаудан кейін ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Р.Хайретдинов, аудан басшылары, сонымен қатар, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ БҚО филиалының директоры А.Алдабергенов, облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Е.Курмашев, ауылдық округ әкімдері, Теректі, Шыңғырлау және Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясының басшылары мен мамандары, ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар бөлімі, «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ аудандық филиалы жетекшілерінің басқосуымен өткен жедел штаб отырысында 2018 жылы зиянды шегірткелерге қарсы жүргізілетін іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Жиын соңында ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Р.Хайретдинов Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласындағы өлкетану мұражайында болып, жергілікті өңірдің салт-дәстүрі, мәдениеті мен тыныс-тіршілігінен сыр шертетін тарихи құнды жәдігерлермен танысты.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен аса қауіпті зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары – 168,71 мың.га жер теліміне жоспарланса, соның ішінде итальяндық прусқа қарсы - 166,71 мың.га, азиялық шегірткеге қарсы 2,0 мың га жер теліміне аталмыш іс-шаралар қолға алынған болатын. Биыл облысымыздың 7 ауданында, атап айтқанда Бөкейорда, Бөрлі, Жаңақала, Қаратөбе, Сырым, Теректі және Шыңғырлау өңірлерінде үйірлі шегірткелерге қарсы улау шаралары жүргізілетін болады. Осыған орай, науқандық кезеңде зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу мақсатында ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Р.Хайретдинов іссапармен ағымдағы жылдың 24, 26 және 27 сәуір күні Қаратөбе, Сырым Жаңақала және Бөкейорда аудандарында кезекті жедел штаб отырысын өткізген болатын.










